Malim.kz
Оқиға

Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Алатау ауданының тұрғындарының айтуынша, бағдаршамдар жұмыс істемей, көшелерде кептеліс пайда болған, деп хабарлайды Malim.kz.

“2025 жылдың 13 қарашасында ЖЭО-2 нысанында 110 кВ №124А және №101А электр жеткізу желілерінде апатты ажырату жағдайы тіркелді. Нәтижесінде Алматы қаласының Алатау ауданындағы бірқатар тұтынушылар жарықсыз қалды. Атап айтқанда, Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі шағын аудандары мен Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөнке би көшелері бойындағы аумақтарда электр қуаты уақытша өшірілді”, – делінген "Алматы электр желілері компаниясы" компаниясының хабарламада.

Қазір оқиға орнында апатты қалпына келтіру бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары