Malim.kz
Спорт

«Алтай» Өскемендегі екінші ойынын «Оқжетпеспен» өткізді

Сабина Асқарқызы
"Алтай" ФК

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы аясында Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» клубы өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасымен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өткен турда «Қызылжарды» жеңген алаң иелері бұл матчқа жоғары қарқынмен шықты. Алайда турнир кестесінің үздік үштігінде келе жатқан «Оқжетпестің» осал қарсылас еместігі алғашқы минуттардан-ақ байқалды.

Кездесудің 13-минутында қонақтар есеп ашты. Иван Кузмичев мергендігімен көзге түсіп, командасын алға шығарды. Бұдан кейін «Алтай» таразы басын теңестіруге бар күшін салды. Бірінші таймда бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші таймда да алаң иелері шабуылды үдете түсті. Дегенмен шешуші сәттерде дәлдік жетіспей, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Нәтижесінде матч 0:1 есебімен аяқталды.

Бұл «Алтайдың» биыл жаңартылған «Восток» стадионында өткізген екінші кездесуі болды. Команда жеңіліске ұшырағанымен, жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезілді.

Енді «Алтай» келесі ойын 27 мамыр күні өткізеді. Шығысқазақстандық футболшылар өз алаңдарында «Астана» футбол клубын қабылдамақ.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары