Malim.kz
Құқық

Алты жылға сотталған Жақсылық Омар сотқа апелляциялық шағым түсірді

Айбын Атабай
zhaksylyk_omar Instagram-парақшасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп.

Алты жылға бас бостандығынан айырылған Жақсылық Омар шешіммен келіспейді.

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық соты растады.

"Дегенмен іс әлі апелляциялық шағым түсіруге берілген жоқ", – деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 3 сәуірде Өскемен қаласының №2 сотында сот Жақсылық Омарды кінәлі деп танып, оның мүлкін тәркілей отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ оның Toyota маркалы автокөлігі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте, сот жүйесінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Бұған дейін сотта прокурор айыптауды екі эпизод бойынша оқыған. Бірінші эпизод Жақсылық Омардың Өскемен қаласының әкімі болып жұмыс істеген кезеңіне қатысты.

Тергеу нұсқасына сәйкес, жәбірленуші ретінде танылған адам біреудің өтінішімен қалалық кәсіпорындардың бірінен материалдық көмек ретінде автокөлік алу туралы өтініш рәсімдеген. Соның нәтижесінде ол 2021 жылғы Toyota Camry 75 автокөлігін алған. Кейін оның айтуынша, көлікті әкімдік ғимаратына жеткізіп, кілтін тапсырып, содан кейін қайта көрмеген.

Кейін автокөлік үшінші тұлғаның атына қайта рәсімделіп, trade-in бағдарламасы арқылы жаңа үлгідегі көлікке айырбасталған. Тергеу деректеріне сәйкес, бұл көлікті айыпталушы пайдаланған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын 13 миллион теңге деп бағаланған. Осыған байланысты Жақсылық Омарға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтары бойынша айып тағылған. Алайда сотта жәбірленуші шығынның өтелгенін айтып, ешқандай талап-арызы жоқ екенін мәлімдеген. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары