Malim.kz
Экономика

Алтын бағасы өсті: қазір бір грамы қанша тұрады?

Сабина Асқарқызы
Фото: baomoi.com

Қазақстанда кейінгі аптада алтын бағасы айтарлықтай өсті. 27 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 1 грамм алтынның құны 68 184 теңге болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 20 тамызда бір грамм алтын 64 729 теңге тұрған. Осылайша, бір апта ішінде бағасы 3 455 теңгеге, яғни шамамен 5,3%-ға қымбаттаған.

Алтын бағасының өсуі әлемдік нарықта да байқалып отыр. Соңғы мәлімет бойынша, алтынның спот бағасы 0,8%-ға өсіп, бір троя унциясы 4 630 долларға жеткен. Ал АҚШ-тағы алтын фьючерстерінің бағасы 0,7%-ға көтеріліп, 4 685 долларға дейін өскен.

Қазақстанның Ұлттық банкі де алтын қорын толықтыруды жалғастырып келеді. Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан алтын қорын 15 тоннаға арттырған.

Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемдегі орталық банктер арасында алтын сатып алудан алғашқы бестікке кірді.

 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары