Malim.kz
Оқиға

“Алтыналмас” кенішінде өндіріс машинисі қаза тапты

Айбын Атабай
Depositphotos

«Пустынное» ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz сайтына сілтеп.

23 шілде 11:30 шамасында «Алтыналмас АК» АҚ өндірістік нысандарының бірі — «Пустынное» ТБК аумағында жазатайым оқиға болды. «Пустынное» ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды.

Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр.

— Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз. Компания оның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді, - делінген хабарламада. 

Бұған қоса, компания оқиғаның нақты мән-жайларын бұрмалайтын және ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі ықтимал жалған немесе тексерілмеген ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салды.

— Тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды және тек уәкілетті мемлекеттік органдар мен компанияның баспасөз қызметі ұсынған ресми деректерге ғана сүйенуді сұраймыз, — делінген хабарламада. 


 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары