Malim.kz
Аналитика

Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде шарттары

Руслан ЕРБОТА

Баспасөзде және әлеуметтік желілерде эссе жанрындағы шығармаларға Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде үшін республикалық байқау

Байқаудың мақсаты:

-Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шаңырағын көтеру ісіне өзінің өмірін арнаған мемлекет және  қоғам қайраткерінің егемен ел дамуына сіңірген еңбегіне әділ баға беру; 

-өнегелі өмірін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау;

- әділдік жолында шейіт кеткен сұңғыла саясаткердің мемлекетшіл болмысын, азаматтық-патриоттық тұлғасын кейінгі ұрпаққа үлгі ету;

-көсемсөз жанрында жазатын шығармашыл тұлғаларға қолдау көрсету.

Байқауға ұсынылатын тақырыптар:

 Алтынбек Сәрсенбайұлы-

          -журналист һәм редактор;

    - Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қаласқан демократтық көзқарастағы мемлекет қайраткері, ұлт патриоты ;

         -дипломат;

         -Қазақстанда жаңа қоғам орнату жолындағы саяси күрескер;

         - мемлекет болашағын болжай алған сұңғыла саясаткер;

         -адамгершілігі жоғары, азаматтық позициясы айқын тұлға.

Байқау талаптары:

         -тек эссе жанрында жазылған шағын көсемсөз шығармалар қабылданады;

         -жазылған эссе 10 тамыздан 10 қыркүйекке дейін ел аумағында тарайтын газет-журналдарға, бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелген сайттарға, яки бес мыңнан жоғары жазылушысы бар әлеуметтік желілерде жариялануы керек;

         -жарияланған эссенің электрон нұсқасын,  сілтемесін ұйымдастыру алқасына жолдау міндетті;

         -байқауға бір автордан бір ғана шығарма қабылданады; 

         -байқауға әдепсіз сөздер араласқан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар қабылданбайды;

         -байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

         -байқау жұмыстары MS Word форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 кегльмен, 1,0 аралықта терілуі керек және  2022 жылдың 10 қыркүйегіне дейін  yessey0708@gmail.com электрон поштасына жіберу қажет;

         -автор туралы мәлімет, байланыс деректері (Т.А.Ә., тұратын мекен-жайы, телефон нөмірі, электрон поштасы, мекен-жайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) шығармамен  қоса жолданады.

Байқау қорытындысы:

Ұйымдастыру алқасы байқау ережесінде көрсетілген талаптарға сай жолданған шығармаларды қарап, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлық иегерлерін (үш орын) А.Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл толуына орай өтетін халықаралық ғылыми конференцияда жариялайды және ақшалай-заттай сыйлықпен марапаттайды.

Руслан ЕРБОТА
Автордың басқа материалдары