Мәжіліс депутаты әрі Amanat партиясының мүшесі Ерлан Саиров съезд кулуарында журналистерге партияның жақында тіркелген "Әділет" партиясымен қосылатынын мәлімдеді.
Саировтың сөзінше, съезд делегаттары саяси күштерді біріктіру мәселесін талқылап жатыр. Сонымен қатар саяси кеңес мүшелерінің басым бөлігі бұл бастаманы қолдауда.
Сонымен қатар депутат бұл бастама Amanat партиясының тәжірибесі мен "Әділет" партиясындағы жас саясаткерлердің күш-жігерін біріктіруге бағытталғанын алға тартты.
Оның сөзінше, партия бұл қадамды өз мүддесі тұрғысынан емес, елдің саяси дамуының жаңа кезеңінің бір бөлігі ретінде қарастырады.
“Біз бұл шешімді уақыт талабына сай қабылданған қадам деп бағалаймыз. Түптеп келгенде, мұның бәрі ең басты мақсатқа – Тәуелсіздікті нығайтуға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, Қазақстан халқының бірлігін күшейтуге және елдің ортақ Шаңырақ астындағы орнықты дамуын қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс. Мемлекет басшысы бірнеше рет белгіленген бағытты табысты жүзеге асыру үшін жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар төңірегінде күш-жігерді біріктіру қажет екенін атап өткен болатын. Бұл жинақталған тәжірибені, қоғамдық әлеуетті және жақтастарымыздың күш-қуатын елді дамытудың стратегиялық міндеттері төңірегіне топтастыруға мүмкіндік береді әрі Президенттің Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құру жөніндегі саясатын табысты іске асыруға ықпал етеді”, – деді Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко.