Malim.kz
Оқиға

Америкада концерт кезінде бомба қоймақ болған жігіт 15 жылға сотталды

Сабина Асқарқызы
taylorswift

Америкалық әнші Тейлор Свифттің концертінде залды жарып жібермек болған террористік ұйым мүшесі 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

ВВС-дің жазуынша, 21 жастағы Беран есімді Аустрия азаматы сотта кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Тергеу мәліметінше, сотталушы радикалды көзқарас ұстанып, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына мүше болған. Ол сондай-ақ, заңсыз қару-жарақты иемденуге тырысқан және қолдан бомба жасағысы келген.

Іс бойынша тағы бір 21 жастағы Словакия азаматы Арда К. да сотталды. Оған террористік ұйымға қатысы бар деген айып тағылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, 2024 жылы Венада Тейлор Свифттің Eras Tour аясындағы концерті өтер кезде Австрия билігіне «терракт болуы ықтимал» деген хабарлама түседі. Сол сәтте билік күдіктілерді ұстады. 3 концертке шамамен 200 мың билет сатылған еді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары