Malim.kz
Саясат

Американың беделді басылымы Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы туралы жазды

Арман Қайыпхан
Фото: The White House

Бұл туралы Malim.kz тілшісі The Washington Post басылымына сүйеніп хабарлайды.

Мақалада, Қазақстанның, оның ішінде – президент Тоқаевтың Ибраһим келісімдеріне байланысты қадамына "назар аударатын жайт" деген баға берілген. Бұл саяси әрекетті басылым – Қасым-Жомарт Тоқаевтың әбден ойластырған стратегиялық қадамы деп есептейді.

Автор, Қазақстанның Израильмен қарым-қатынасы онсыз да жақсы болса да, неліктен дәл қазір осы қадамға барды деген сауал қояды. Оның айтуынша, мұндай сұрақ көптің көңілінде туындаған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы сапарындағы біршама әрекеттерін түйіндей отырып, автор Қазақстан президентінің бұл әрекетін Мәскеу мен Бейжіңнен тәуелсіз саясат жүргізуі деп бағалайды. Бұл орайда,  Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ Үйде  өзіне қажет жақсы көзқарас қалыптастыра алды деп қорытындылайды автор.

Есіңізге сала кетсек, қараша айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары болған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары