Malim.kz
Спорт

Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты

• Арман Қайыпхан

Әмір Омарханов пен ресейлік Егор Плешивцев Уимблдон жасөспірімдер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Теннис федерациясы мәліметінше, олар 1/8 финалда ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңді.

Ал жасөспірімдер арасындағы Уимблдонда жұптық сайыста өнер көрсеткен Дамир Жалғасбай мен Заңғар Нұрланұлы жарысты аяқтады.

Фото: ҚТФ

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары