Malim.kz
Шоу-бизнес

"Ән үшін өлтіріп қоя жаздады": "Нұрмұқасан" тобында үлкен дау шықты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ozgeris.info коллажы

"Нұрмұқасан" тобына жаңа қосылған әнші Ғалымжан соққыға жығылғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ақпаратты блогер Жан Ахмадиев өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Айтуынша, дау топ репертуарындағы әнге байланысты басталған. Мәселені сабырлы түрде шешу үшін Ғалымжан топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне баруды жөн көрген. Алайда жағдай керісінше ушығып, әнші бірнеше адаммен бірге жүрген Шахзадаев тарапынан күш көрсетілгенін айтқан.

Оқиға салдарынан Ғалымжанның қолы мен мұрны сынған, денесінің әр жері жарақаттанған. Ең таңқаларлығы – оқиға орнына келген полиция жәбірленушіні, Ғалымжанның өзін ұстап әкеткен.

Қазір "Нұрмұқасан" тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп, өзіне қол көтерген адамдарды жауапқа тартуды талап етіп отыр. Оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарына ресми шағым берілген.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары