Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзабекқызының өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Әнші марқұмның батасын талай алғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
"Майғазиевтер отбасына көңіл айтамыз. Сәкенжан, анамыздың иманы саламат болсын, жұмақтың төрінде болсын. Ұрпақтары мың жасасын. Ананың талай батасын алған едік. Өздеріңіздей саналы ұрпақ тәрбиелеген анаңыздың топырағы торқа болсын", – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Мақпал Жүнісова кім?
Мақпал Жүнісова – қазақстандық танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі. Ол 1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген.
Өнер иесі қазақ эстрадасында өзіндік орындау мәнерімен және кең тынысты дауысымен танылған. Оның репертуарында халық әндері мен қазақ композиторларының көптеген туындылары бар.
Мақпал Жүнісова ұзақ жылдар бойы қазақ өнерінің дамуына үлес қосып, тыңдарман ықыласына бөленген. Әнші әлеуметтік желіде де белсенді болып, өнердегі әріптестерінің қуанышы мен қайғысына ортақтасып отырады.