Malim.kz
Шоу-бизнес

"Анашымсыз өткен қырық күн": Сәкен Майғазиев анасын еске алды

• Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: malim.kz / ЖИ арқылы өңделген

"МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев анасы Ұлтай Мырзамбекқызын еске алып, Instagram парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода әншінің зират ішінде кетіп бара жатқаны көрінеді. Бейнежазбаға Үкітай Ерниязовтың "Анасы жоқ адамдар" әні қойылған.

"Анашымсыз өткен қырық күн", – деп жазды Сәкен Майғазиев видеоның астына.

Еске салайық, 13 қазанда әншінің Instagram парақшасында анасының дүниеден өткені хабарланған еді. Сол күні Malim.kz те қаралы хабарды жариялады. Естірту жазбасында марқұмның жаназа намазы 14 қазанда Түркістан облысының Созақ ауылындағы өз шаңырағында өтетіні айтылған.

Сәкен Майғазиев кім?

Сәкен Қордабайұлы Майғазиев – қазақ эстрадасының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1975 жылғы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде, кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған.

2001 жылы "МузАРТ" тобының құрамына қосылды. Мейрамбек Бесбаев пен Кенжебек Жанәбіловпен бірге орындаған "Өз елім", "Шынарым" және "Анаға сәлем" әндері арқылы көпшілікке танылды. Сәкен Майғазиев – "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары