Malim.kz
Спорт

Анна Данилина қатарынан екінші жыл «Ролан Гаррос» финалына шықты

Арман Қайыпхан
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция ашық чемпионатының жұптық сынында финалға жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол сербиялық Александра Круничпен бірге жартылай финалда Жапония өкілі Сюко Аояма мен Тайбэй теннисшісі Эн-Шуо Лянды 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Данилина мансабында екінші рет «Ролан Гаррос» финалына шығып отыр. Қазақстандық спортшы өткен жылы да турнирдің шешуші матчына дейін жеткен болатын.

Финалда Данилина мен Крунич әлемнің бірінші ракеткалары саналатын чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсенд жұбымен кездеседі. Чемпиондық матч 7 маусым күні өтеді.

Айта кетейік, Данилина мен Крунич маусым бойы тұрақты ойын көрсетіп келеді және қазіргі таңда жұптық рейтингтің көшбасшыларының қатарында.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары