Malim.kz
Спорт

Анна Данилина WTA 250 турнирінің күміс жүлдегері атанды

• Мәди Саматұлы

Қазақстанның жұптық санаттағы алғашқы ракеткасы Анна Данилина Будапешттегі WTA 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен жұп құрып, олар поляк-венгр жұбы Катажина Питер / Фанни Штоллардан ұтылып қалды.

Ойын есебі 3:6, 6:3, 6:10 болды. Осы жылы Анна WTA аясындағы үш турнирде жеңіске жетті: Италияда екі 125 санаты және Оклендте бір 250 санаты.

Фото: ҚТФ

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары