Әнші Айқын Төлепбергеннің шаңырағы нәрестемен толықты. Ол әлеуметтік желіде қызы дүние есігін ашқанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.
«Бүгін 01.12.2025 жыл. Нұртан Ару Айқынқызы өмірге келді. Жұлдызыма үлкен алғыс! Мен сені жақсы көремін!», деп жазды өнер иесі.
Сондай-ақ, жазбаның астына әншінің өнердегі достары ыстық лебіздерін білдіріп, оқырмандары да тілектерін жаудырып жатыр.