Malim.kz
Мәдениет

Әнші Гүлзира Бөкейхан өмірден өтті

Айбын Атабай
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлзира Бөкейхан өмірден озды , деп хабарлайды Malim.kz. 

Гүлзира Бөкейхан қазақтың дәстүрлі ән өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті өнер иесі болды. Ол халықтық және кәсіби композиторлардың таңдаулы шығармаларын жоғары орындаушылық шеберлікпен насихаттап, ұлттық мәдени мұрамызды кеңінен танытты. 

Сондай-ақ көне халық әндерін жаңғыртып, сирек кездесетін музыкалық мұраларды жинақтап, заманауи өңдеуде сахнаға шығаруға айрықша еңбек сіңірді.

Өнер жолындағы қызметін Астана мемлекеттік филармониясында және Президенттік мәдениет орталығында абыроймен атқарған Гүлзира Бөкейхан саналы ғұмырын қазақ өнерінің дамуына арнады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары