Түркияның Анталия қаласында Қазақстан азаматының мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, 43 жастағы Дәрия Өзтүріктің денесін Анталияның Коньяалты ауданындағы үйінен күйеуі тауып алған.
«Мәйітті қараған дәрігер күдіктенген соң, оқиға орнына тергеу тобы мен прокурор барған», – деп жазды жергілікті Antalya Bugün басылымы.
Оқиға орнында тиісті тексеру жұмыстары жүргізілгеннен кейін әйелдің денесі Анталиядағы сот-медицина институтына жіберілді. Мамандар өлімнің нақты себебін анықтайды.
Марқұмның артында күйеуі мен 7 жастағы қызы қалған.