Malim.kz
Экономика

Апта аяғында доллар тағы қымбаттады

Айбын Атабай
depositphotos.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Фото: Татьяна Корякина/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге өсіп, 485,95 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 485,55 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 480,00 теңгеден сатып алынады, 487,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 557,97 теңге, сату - 567,97 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,49 теңге, сату - 6,80 теңге.

- юань: сатып алу - 68,03 теңге, сату - 73,30 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 484,29 теңгеден сатып алынады, 487,71 теңгеден сатылады. Еуро 564,47 – 569,89 теңге, ал рубль 6,54 – 6,67 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,29 теңгеден сатып алынады, 72,00 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 28 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,54 теңгеге өсіп, 485,55 теңге болды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары