Malim.kz
Спорт

Ақ Азиада: Қазақстандық шорт-трекші қыздар күміс жүлде алды

Malim Админ

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында Қазақстан делегациясының қоржыны тағы бір күміс жүлдемен толықты,-деп хабарлайды Malim.kz.   


Шорт-тректен Қазақстан қыздар құрамасы 3000 метрге командалық эстафета бәсекеінде мәре сызығын екінші болып кесті. 

Қазақстан құрамасы сапында Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек және Алина Әжғалиева жарыс жолына шықты.

Спортшыларымыз жарыс барысында алдыңғы үштікті сақтады. Соңғы айналым кезінде, Корея құрамасының спортшысы жарыс жолынан шығып қалып, қазақстандық шорт-трекші қытайлық спортшыдан кейін екінші келді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы бесінші жүлдесі. 

Осыған дейін, қазақстандық спортшылар қысқы Азия ойындарының алғашқы күні 3 күміс еншілеп, медалдар кестесінде төртінші орынға жайғасқан болатын.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Malim Админ
Автордың басқа материалдары