Malim.kz
Спорт

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Мадияр Қапанбек
Ақмарал Ерекешева. Фото: Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG)

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияның Брно қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жеке көпсайыс қорытындысы бойынша Ерекешева төрт жаттығудан 116,500 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық спортшы барлық жаттығуда екінші нәтиже көрсеткен. Одан тек Украина өкілі Таисия Онофрийчук озып, 117,900 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Қола жүлдені 108,250 ұпай жинаған польшалық Лилиана Левинская иеленді.

Брнодағы Гран-при кезеңі 13 қыркүйекте аяқталады. Жарыстың соңғы күнінде жекелеген жаттығулар бойынша финалдар өтеді.

Ақмарал Ерекешева шығыршық, доп, шыбық және таспамен жаттығулар бойынша төрт финалға жолдама алып, тағы да жүлде үшін таласады.

Бұған дейін Ақмарал Ерекешеваның Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасына енгені хабарланған. Көркем гимнастикадан жеке бағдарламада ел намысын Айбота Ертайқызы да қорғайды.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары