Malim.kz
Оқиға

Ақмола облысы жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза болды

Сұлу Бөлек

23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан төрт адам көз жұмды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірлік Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында "ВАЗ" және YUTONG автобусы соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "ВАЗ" жүргізушісі мен 3 жолаушы алған жарақатынан қайтыс болған. Сондай-ақ, бұл көлікте отырған тағы 2 кәмелетке толмаған жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды", - деді Ақмола облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Қазір соталды тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процестік шешім шығады.

Фото: Pixabay.com

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары