Malim.kz
Оқиға

Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып кетті

Арман Қайыпхан
Фото: ҚТЖ

6 қарашада Макинка станциясына іргелес орналасқан «Бота 2015» ЖШС кірме жолында 12 вагон өздігінен қозғалып кетіп, салдарынан олардың 8-і рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚТЖ мәліметінше, маневрлік жұмыстарға пайдаланылған локомотив жеке меншік компанияға тиесілі, локомотив бригадасы да сол ұйымның қызметкерлері.

Салдарынан байланыс желісінің құрылғылары зақымданған, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта поездар кешігіп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себептері анықталуда.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары