Ақмола облысының Красивое ауылындағы теміржол станциясында ер адам қозғалыстағы вагонның астына түсіп, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға вагон қозғала бастаған кезде болған. Зардап шегушінің екі қолы ауыр жарақаттанып, көп қан жоғалтқан. Ол Есіл аудандық ауруханасына жеткізілді.
Полиция оның жергілікті тұрғын емес, көрші өңірден іссапармен келгенін анықтады. Оның теміржол құрамының маңында не себепті жүргені әзірге белгісіз.
Оқиға бойынша Көкшетау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Тергеу «теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзу» фактісі бойынша жүргізіліп жатыр.