Malim.kz
Спорт

Ақмола облысында көкпар кезінде аттан құлаған жасөспірім қайтыс болды

Сабина Асқарқызы
Фото:depositphotos.com

Ақмола облысында көкпар ойыны кезінде қайғылы оқиға болып, 14 жастағы жасөспірім көз жұмды. Оқиға Рақымжан Қошқарбаев ауылында тіркелген, деп хабарлайды Malim.kz.

Almaty.tv телеарнасының мәлімет бойынша, жасөспірім көкпар барысында аттан құлап, ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, аталған жарыс ресми түрде ұйымдастырылмаған. Оны ауыл тұрғындары өз бастамасымен өткізіп, жергілікті атқарушы органдармен келіспеген.

Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл іс-шараның жеке сипатта өткенін және оқу-жаттығу жиыны аясында ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қаза тапқан жасөспірімнің де, өзге қатысушылардың да ресми спорт секцияларында тіркелмегені белгілі болды.

Қазіргі уақытта марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Жасөспірімнің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ұйымдастырушылар мен қауіпсіздікке жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары