Malim.kz
Оқиға

Ақмола облысында көпірді су алып, тұрғындар қайықпен құтқарылып жатыр

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Ақмола облысының Зеренді ауданында Шағалалы өзені арқылы өтетін понтонды көпірді су басып қалды. Соның салдарынан бір көше ауылдың қалған бөлігінен оқшауланып қалды, деп хабарлайды Malim.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Өзендегі понтонды көпір арқылы су асып кеткен. Бұл көпір ауылдың негізгі бөлігін 28 тұрғын үй орналасқан көшемен байланыстырады.

Балама жол болғанына қарамастан, жергілікті тұрғындар мен жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша сол жерде өткел ұйымдастырылды. Құтқарушылар қайықпен 16 адамды тасымалдап, тұрғындардың үйлеріне жетуіне және азық-түлік алуына мүмкіндік жасады, деп хабарлады ТЖМ.

Арнайы техника көмегімен мұз кептелісі жойылып, көпірдің бұзылуына жол берілмеді.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта көпірдің жағдайы қалыпты, су деңгейі төмендеп келеді. Оқиға орнында жергілікті әкімдік өкілдері, ТЖД қызметкерлері мен полиция кезекшілікте тұр.

Қостанай облысының бірнеше ауданында да су басу жағдайлары тіркелді. Онда құтқарушылар кезекшілік атқарып, суды сорып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары