Malim.kz
Оқиға

Ақмола облысында жоғалған 44 жастағы малшы өлі табылды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 44 жастағы малшы іздестіру жұмыстарының үшінші күні өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Буландын ауданы Капитоновка ауылының тұрғынының із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз 19 мамыр күні полицияға түсті. Іздестіру шаралары нәтижесінде 22 мамыр күні жоғалған адамның денесі табылды», – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

«Алғашқы тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», – деп атап өтті құқық қорғау органдары.

Сонымен қатар, Біржан сал ауданында тағы бір адам жоғалу дерегі тіркелген, бірақ полиция оқиғаның мән-жайын ашып айтпады.

«Іздестіру жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін, 5 сәуір күні Ақмола облысы Астрахан ауданындағы Ескі Қалутон ауылында «Қазгидромет» қызметкері жоғалып кеткен болатын.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Ер адамның үйінен шығып, қайта оралмағаны анықталған, кейін оның туысы полицияға хабар берген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары