Malim.kz
Оқиға

Ақмола облысында жүкті әйел жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Мәди Саматұлы

Ақмола облысы Бестөбе ауылында 6 баланың анасы, жүктіліктің 34-аптасында болған 34 жастағы әйел күтпеген жерден қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Nayzakokshe инстаграм-арнасының жазуынша, жұма күні кешке әйел өзін шаршағанын айтып, демалып жатып, қайтыс болған. Қазір денесі тексеруге жіберілген, бірақ нақты өлім себебі әлі анықталмаған.

Әйел медициналық бақылауда тұрған, ал отбасы мүшелері – күйеуі, ата-анасы және балалары – үйде болған. Балаларының бәрі де кәмелетке толмаған. Жедел жәрдем шақырылғанымен, олар келем дегенше жүріп кеткен. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми мәліметінше, өлімнің алдын ала себебінде жедел жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігі деп көрсетілген.

Фото: pexels.com

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары