Malim.kz
Оқиға

Ақмола облысындағы жол апаты. Жүргізуші көліктің ішінде қысылып қалды

Айбын Атабай
ТЖД

Ақмола облысындағы «Астана-Петропавл» тасжолында «Газель» мен шағын автобус соқтығысты, деп хабарлады Kazinform. 

Жол апаты 12 ақпанда «Астана-Петропавл» тасжолында орын алды. Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Газель» мен Mercedes-Benz Sprinter» көліктері соқтығысқан.

Полиция қызметкерлері қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, содан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат салдарынан деформацияланған көлікте қалып қойған жүргізушілердің бірі зардап шекті. 

- Құтқарушылар оқиға орнына тез жетіп, зақымдалған есікті гидравликалық құрал көмешімен ашып, зардап шегушіні алып шықты. Ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев. 

Соқтығысу салдарынан газ баллонды жабдықтарды тасымалдаған көліктердің бірі түтіндей бастады. Құтқарушылар жарылысты болдырмау үшін түтінді жойды. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары