Malim.kz
Мәдениет

АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі мысық туралы кітап жазды

Malim Админ

Simon & Schuster баспасының хабарлауынша, кітапта Уиллоу атты мысықтың Ақ үйге қалай келгені баяндалады.   

Түгі қысқа, ала мысықты Джилл Байден 2020-жылы күйеуі, қазіргі АҚШ президентінің сайлауалды кампаниясы кезінде жолықтырған. Мысық бірінші ханымның Пенсильванидегі фермада халықпен кездесуі барысында сахнаға секіріп шыққан. Міне, содан кейін Джо Байден мысықты асырап алып, оған өзі туған Уиллоу-Гров қаласының құрметіне Уиллоу деп ат қойған.  

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары