freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Қорғаныс министрі Пентагондағы журналистердің қозғалысын шектеді

Әлем
АҚШ Қорғаныс министрі Пентагондағы журналистердің қозғалысын шектеді

АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Пентагон ғимаратына журналистердің еркін кіруіне тыйым салатын жаңа бұйрық шығарды. Енді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы рұқсатсыз немесе ілесіп жүруші қызметкерсіз Пентагонның көп бөлігінде бола алмайды, деп хабарлайды Reuters.

Хегсет бұл шешімін "құпия барлау деректері мен сезімтал ақпараттың таралуын болдырмау, сондай-ақ әскери қызметкерлердің өмірін қауіптен қорғау қажеттілігімен" түсіндірді.

Алайда бұл бұйрық БАҚ өкілдері тарапынан қатаң сынға ұшырады. Пентагонда жұмыс істейтін журналистердің мүддесін қорғайтын Пентагон баспасөз қауымдастығы бұл әрекетті "баспасөз еркіндігіне тікелей шабуыл" деп атады.

"Жаңа ережелер қауіпсіздікке алаңдаушылықпен түсіндірілуде, алайда ондаған жылдар бойы әртүрлі әкімшіліктер кезінде мұндай шектеулер болған жоқ", – делінген Ұйым мәлімдемесінде.

Бұйрықтың қабылдануына жуырда орын алған Signal мессенджеріндегі құпия жазбалардың таралуы түрткі болғаны айтылады. Бұл чаттарда Пентагон шенеуніктері құпия сипаттағы мәселелерді талқылаған. Оқиғадан кейін мекеме ішінде бірқатар жаппай жұмыстан босатулар болып, жоғары лауазымды тұлғалар министрді "хаос пен белгісіздік атмосферасын" қалыптастырды деп айыптаған.

Хегсеттің медиаға қатысты бұл шешімі оның баспасөзбен күрес саясатының жалғасы ретінде бағаланып отыр.

Фото: Brendan Smialowski/AFP/Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу