Malim.kz
Саясат

АҚШ сенаторы Трамптың мәлімдесін "боз сөз" деп бағалады

Сабина Асқарқызы
Getty Images

АҚШ Сенатындағы демократиялық азшылықтың көшбасшысы Чак Шумер әлеуметтік желідегі парақшасында Дональд Трамптың Конгреске жолдаған хатына пікір білдіріп, оның Ирандағы соғыс аяқталды деген мәлімдемесін «толықтай бос сөз» деп атады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін Дональд Трамп Конгреске жолдаған хатында Иранға қарсы әскери іс-қимылдардың аяқталғанын мәлімдеген болатын. Алайда оның айтуынша, америкалық әскери күштер Таяу Шығыста қала береді.

«2026 жылғы 7 сәуірден бастап Америка Құрама Штаттары мен Иран қарулы күштері арасында бірде-бір оқ алмасу тіркелген жоқ. 2026 жылғы 28 ақпанда басталған әскери іс-қимылдар аяқталды», – деген еді АҚШ президенті.

Алайда АҚШ-тың Демократиялық партиясы бұл мәлімдемеге сенім білдірмей отыр.

«Бұл – барып тұрған бос сөз. Бұл заңсыз соғыс. Республикашылдар оған үнсіз қолдау көрсетіп, жалғасуына жол берген әрбір күн сайын адам өміріне қауіп төніп, бейберекеттік күшейіп, баға өсіп жатыр. Ал оның салмағын қарапайым америкалықтар көтеруде», – деп жазды Чак Шумер.

Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдары Ирандағы соғыстың АҚШ тұрғындарының қалтасына да салмақ салып отырғанын жазуда. Елде бензин мен азық-түлік бағасы үздіксіз өсіп келеді.

Америка кәсіпкерлік институты сарапшыларының бағалауынша, жанармай мен тыңайтқыш бағасының қымбаттауының өзі әрбір америкалық отбасының ай сайынғы шығынын шамамен 150 АҚШ долларына, яғни 70 мың теңгеге дейін арттырған.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары