Ақтауда жасөспірім ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам қолға түсті. Бастапқыда ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Оны полиция департаменті ресми түрде растады, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасалғаны туралы арыз 4 қарашада түскен.
«Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлімі (Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды және сот шешімімен екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция органдары қажетті тергеу және процессуалдық іс-шараларды толық көлемде жүзеге асыруда.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, арыздағы деректер тексерілуде, қажетті сараптамалар тағайындалған.
Полиция мәліметі бойынша, қыз баланың жасы – 13, күдіктінің жасы – 29.