Ақтауда қауіпті жағдай тіркелді — кішкентай бала ашық қалған кәріз құдығына құлап кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.
Зардап шеккен баланың анасының сөзінше, жаңбырдан кейін люк дұрыс жабылмай, тек картонмен бүркелген. Сол маңда ойнап жүрген бала абайсызда құдыққа түсіп кеткен.
Оқиға туралы анасына басқа бала айтып берген, содан кейін ол бірден көмек сұраған.
Оқиғадан кейін ата-анасы полиция шақырып, арыз түсірді. Тәртіп сақшылары қауіпті жерді уақытша таспен жауып қойған.
Бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның басынан жеңіл жарақаттар, соққы мен көгерулер барын анықтады. Қазір жағдайы қанағаттанарлық.