Malim.kz
Оқиға

Ақтауда дәмханада жанжал соңы атысқа ұласты

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Ақтаудағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде екі келуші арасында жанжал шығып, соңы атысқа ұласқан. Оқиға 8 шілде күні болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша, жанжал кезінде қатысушылардың бірі «аңшы сигналы» іске қосу құрылғысын қолданған. Салдарынан ер адамның беті жарақаттанған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер күдіктіні жедел анықтап, ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары