Malim.kz
Оқиға

Ақтауда декретте отырған көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: Lada.kz

Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаменті көлік прокуратурасының қызметкерін алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті 9 қараша күні ұсталған. Сол кезде ол бала күтіміне байланысты 2024 жылдан бері декреттік демалыста болған.

«Құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік бөлімі Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, 2025 жылғы 9 қарашада алаяқтық жасады деген күдікпен Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкерін ұстады. Ол 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты демалыста болғандықтан, қызметтік міндеттерін атқармаған», – делінген ресми хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура өзге деректерді қылмыстық іс бойынша ақпаратты жарияламау туралы бапқа сілтеме жасап, ашып айтқан жоқ.

Ұсталған адамның жанынан 2,5 миллион теңге табылған. Бұған дейін елде бірнеше жоғары лауазымды прокуратура қызметкерлері де ұсталған болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары