Malim.kz
Құқық

Ақтауда мектеп оқушысын қатарластары соққыға жыққан: ата-аналар кешірім сұрады

Malim Админ

5 қараша күні Ақтау қаласындағы № 24 мектебінде оқушылар қатарласын ұрған болатын.

Енді жанжалға қатысқан төрт оқушы мен олардың ата-аналары жәбірленушілерден кешірім сұрады. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін қатысушы оқушылардың түрлері көрсетілмеген. 

Полиция қызметкерлері балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналарды жауапқа тартатыны айтылды.

Жәбірленуші баланың ата-аналары медициналық көмекке жүгінбегені анықталды.

Фото: instagram.com/cenzura_aktau

Malim Админ
Автордың басқа материалдары