Ақтаудың кейбір мектептерінде тұмау жұқтыру жағдайының өсуіне байланысты маска тағу режим енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңаөзендегі оқу орындары уақытша онлайн-форматқа ауыстырылды.
«Маңғыстау облысында 20 524 бала тұмаумен ауырып жатыр. Жаңаөзенде 8 099 оқушы (23 мектептегі 366 сынып) қашықтан оқуға көшті. Қалған аудандар мен Ақтауда оқу дәстүрлі форматта жалғасуда. Барлық білім беру ұйымдарында бұқаралық іс-шаралар шектелді. Облыстағы мектеп ғимараттарында дезинфекциялық жұмыстар күшейтілді», – деді өңірдің білім басқармасы.
Қазір облыста 216 жалпы білім беретін мектеп бар (159-ы күндізгі, 3-еуі кешкі, 54-і жекеменшік). Оқушылар саны – 193 156, оның ішінде күндізгі мектептерде – 175 850 бала оқиды.