Malim.kz
Денсаулық

Ақтаудағы ұшақ апаты: ауруханадағы науқастардың жағдайы ауыр

Malim Админ

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайын мәлімдеді.


Денсаулық сақтау мекемесінің мәліметінше, ауруханада Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас ем алып жатыр. Оның 4-і жансақтау орталығында. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.

2 науқас травматология бөлімшесінде емдерін жалғастыруда.

Облыстық көпбейінді ауруханада ем алып жатқан 6 науқастың 3-уі Әзербайжан, 3-уі Қырғыз елінің азаматы. Олар емдерін толық көлемде алуда.

Бұған дейін маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салды.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары