Malim.kz
Құқық

Ақтаудағы ұшақ апаты. Тергеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Malim Админ

Ақтаудағы Әзербайжан ұшағының апатынан кейінгі сараптама жұмыстары қай деңгейде? Бұл туралы Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев түсінік берді,- деп хабарлайды  Malim.kz. 

Бұл апатқа қатысты еліміздің Көлік министрлігі тиісті мәлімде жасады. Сонымен қатар, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев егжей-тегжейлі мәлімет берді. Атап айтқанда, тергеу амалдары жалғасып жатыр, тергеу тобы құрылды. Онда ең тәжірибелі қызметкерлер қамтылған. Бірқатар сараптама белгіленді. Жалпы, бұл жұмыстар оңай емес, сондықтан қорытындысын күтіп отырмыз, - деді Ғ. Қойгелдиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. 

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын.

Фото: ТЖМ 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары