Malim.kz
Спорт

“Ақтөбе” Конференция лигасында жеңіске жетті

Арман Қайыпхан

«Ақтөбе» Конференция лигасында прагалық «Спартаны» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық «Ақтөбе» клубы Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында күтпеген жеңіске жетті — олар чехиялық «Спартаны» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Ойын Ақтөбедегі Орталық стадионда өтті. Есеп 29-минутта ашылды — голды Даниэль Соса соқты. 82-минутта алаң иелерінің басымдығын Оралхан Өміртаев арттыра түсті. Кездесудің соңғы минутында, 90-минутта, Велко Бирманчевич пенальтиден есепті қысқартты.

Екінгі матч 31 шілдеде Прагада өтеді.

Фото: "Ақтөбе"ФК

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары