Malim.kz
Оқиға

Ақтөбе облысында 7 жастағы бала бензин ішіп, ауруханаға түсті

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Ақтөбе облысында 7 жастағы бала бензин иісі бар сұйықтықты абайсызда ішіп қойғаннан кейін ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 15 мамырда Қобда ауданындағы мектептердің бірінде болған. 2019 жылы туған бала дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған уақытылы көмек көрсетілген.

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап, бақылауда болғаннан кейін баланың жағдайы тұрақтанған. Өміріне қауіп жоқ, ол қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылған.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрғаны хабарланды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары