Malim.kz
Оқиға

Ақтөбе облысында ер адам әйелін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды

Арман Қайыпхан
Фото: instagram.com/gazeta_diapazon

Ақтөбе облысында екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция 1986 жылы туған әйелдің денесін зорлық-зомбылық белгілерімен табылды, деп хабарлайды Malim.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

20 қарашада әлеуметтік желілерде Ақтөбеден шыққан ерлі-зайыптыларды іздеу туралы хабарлама тараған. 40 жастағы Аманжол мен оның жұбайы Гүлжахан сол күні таңертең 41-разъезд маңындағы үйлерінен «Ларгус» көлігімен шығып, байланысқа шықпай қалған. Кейін жұртшылық арасында олардың қаза тапқаны туралы ақпарат жарияланды. Желі қолданушылары отбасыда бес баланың қалғанын айтып, көңіл айтты.

Полицияның мәліметінше, әйелдің денесі табылғаннан кейін жүргізілген іздестіру шаралары барысында оның күйеуі де өлі күйінде анықталған. Ер адам ағашқа асылған күйінде болған.

«Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қажетті процессуалдық шаралар қабылданып, аумақ мұқият тексерілуде, дәлелдер жиналуда», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары