Malim.kz
Оқиға

Ақтөбе облысында сарбаз өз-өзіне қол салды

Мәди Саматұлы

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз-күзетші қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қарашада Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімшелерінің бірінде күзет қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші бекітілген қарумен өзін-өзі атып, суицид жасаған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Құрлық әскерлерінің басшылығы қайтыс болған сарбаздың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Фото: aikyn.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары