Malim.kz
Сұқбат

Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды

• Malim Админ

Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. Қайғылы оқиға Ақтөбе-Астахан тас жолының 120 шақырымында болған. LADA Largus пен Toyota Hilux автокөлігі соқтығысқан.

Жол апатынан 8 адам қайтыс болды, оның ішінде балалар да бар. Зардап шеккен 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жатқызылды. Барлығы 11 адам зардап шекті. Тергеп-тексеру жұмысы басталды.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары