Ақтөбе облысы «Елбасы медалін» беру бағдарламасына 104 миллион жұмсап оны жастарға бермек. Облыстың әкімі Ералы Тоғжанов елбасының мәртебесін заңнан алып тастағанын білмейтін сияқты,- деп жазады PROTENGE. Әйтпесе «Елбасы медалін» 14 пен 29 жас аралығындағы жетістікке жеткен жастарға бермес еді. Өйткені медаль иелері жеті бағытта жетілген болуы шарт: спорт, машық және талант, оқу, ұлттық құндылық, туристік сапарлар және жұмыс тәжірибесі. Бағдарлама бойынша жеңіп шыққандар Назарбаевтың бейнесі бар алтын, күміс, қола медальдардың иегері болады. Ең қызығы Елбасы мәртебесінен айырылған экс-президент атындағы медаль неліктен бюджеттен қаржыландыратыны? Негізінде мұндай жобаларды Назарбаевқа тиесілі миллиардтаған активтері бар «Назарбаев қоры», «Нұрсұлтан Назарбаев қоры», «Демеу» қоры, «Елбасы қоры» қаржыландыру керек.