Malim.kz
Құқық

Ақтөбе тұрғыны 100 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

• Айбын Атабай
pexels

Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан астам ақтөбелікті алдап, олардың қаражатын иемденгені анықталды.

Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары