Malim.kz
Оқиға

Ақтөбеде әкімшілік ғимаратта өрт шықты

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Осы минуттарда ТЖМ құтқарушылары Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан алты қабатты әкімшілік ғимаратта тұтанған өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары 5 минуттың ішінде жетті.

«Өрт сөндіру оқпандары дереу іске қосылды, тілсіз жауды толық ауыздықтау үшін барлық шара қабылданып жатыр. Су үздіксіз берілуде. Адамдарды эвакуациялау жүргізілуде. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қазіргі сағаттағы жағдай бойынша 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеп, өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатқаны айтылды.

Өрттің нақты аумағы анықталуда.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары