Malim.kz
Оқиға

Ақтөбеде газ жарылысынан үй қирап, әйел адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбеде жекеменшік тұрғын үйде жарылыс болып, салдарынан бір адам көз жұмды. Оқиға Турксиб көшесінде болған.

«Диапазон» басылымының мәліметінше, жарылыстан кейін үй толықтай қираған. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, жарылысқа табиғи газдың шығуы себеп болған.

Оқиға орнында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйінділер тексеріліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Қазір құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығының мамандары және кинологиялық қызмет жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алған.

Куәгерлер жарылыстың қатты дүмпуін көршілес көшелердің тұрғындары да сезгенін айтады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары