Malim.kz
Оқиға

Ақтөбеде оқушы анасын пышақтап өлтірді

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы анасын пышақтап өлтіріп, әжесін өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке аса ауыр қылмыс қаладағы пәтерлердің бірінде жасалғанын хабарлады.

«Шақыртуға келген полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйелдің денесін тапты. Сонымен қатар сол пәтерде пышақ жарақатын алған егде жастағы әйел медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады полиция.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары